Ақ Қамыс - биоотынды өндiру зауыты, баламалы көздер энергии, баламалы көздер энергии, биоотын отындық пеллеттер, биоотын пеллеттер сату
Русский English Қазақша
Навигация
 
Бастапқы бет
Компания туралы
Техникалық құжаттама
Сертификаттар
Сурет көрмесі
Жаңалықтар
Біздің серіктестер
Қарым-Қатынастар
 

Жаңалықтар

  22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


 
Сұрақ жауап
 
Қайдан білдіңіз компания "Ақ Қамыс" туралы?
Интернет
Ұсыныс
Сырт

   Нәтижелер
 
 
 

Компания туралы

        ХХІ ғасырдың ең маңызды мәселелерінің бірі жаһандық жылыну болып табылады, ол Жердегі климаттың өзгеруіне орасан зор әсер етеді, бұл Дүниежүзілік мұхит деңгейінің едәуір артуына, аумақтардағы құрғақшылыққа және тиісінше, адамдардың өміріне, біздің планетаның өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесіне елеулі түрде әсер етуге әкеліп соғуы мүмкін. Жаһандық жылынуды  атмосферадағы парникті газдар концентрациясының артуымен байланыстырады. Осындай мәселелер туралы ойланып қалған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен «Жер Саммитінде» Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенцияны (КӨНК) қабылдады. Климаттың өзгеру мәселелерімен күрес жөніндегі жалпы қағидаттар және шаралар туралы осы құжатқа әлемнің 180-нен аса елі қол қойды.  Осы келісімге қосымша ретінде 1997 жылы Киотода парникті газдардың шығарылуын азайту жөніндегі нарықтық тетіктерді анықтайтын Киот хаттамасы қабылданды.

СО2 –ні шығару деңгейін қысқарту таскөмір, мазут, дизель отыны, бензин секілді дәстүрлі отын түрлерінің алмастырғышы ретінде биоотынды қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Осыған байланысты 2009 жылы қамыстан биоотынды шығару жөніндегі «Ақ Қамыс» ЖШС компаниясы құрылды.

Қамыс Атырау облысының Құрманғазы ауданында көп өседі.

Соңғы  4 жылдың ішінде жүргізілген дайындық  жұмыстары:

1.    «Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау» (ҚОӘАБ) жобасы әзірленді және экологиялық сараптама алынды. Қоғамдық тыңдаулар Ганюшкино  селосында 2012 жылғы 22 маусымда өтті ("Центр дистанционного зандирования и ГИС "Терра" ЖШС)

2. «Портал Инжиниринг» АҚБ компаниясы (Санкт-Петербург қаласы) техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) және техникалық тапсырма (ТТ) әзірледі.

3.    «ЭкоЭнергия» зауыты (РФ Псков қаласы) жергілікті қамыстан түйіршіктелген пелеттердің тәжірибелі үлгілерін әзірледі.  

4.  Осы  пеллеттер SGS компаниясының (Санкт-Петербург қаласы) сапа сертификатын алды, бұл олардың сапасының әлемдік стандартпен сәйкес келетінін көрсетеді.

5.    Осы зауыттың өнімдерін толық іске асыру «Ekman» Швед компаниясының ниет білдіру хаты арқылы расталды.

6.    Бизнес жоспар  UNIDO халықаралық жүйесіне сәйкес орындалды (И.Р. Ахметов ЖК).

7.     Зауыттың құрылысы үшін аумағы 10 га жерге мемлекеттік акт бар. Жер телімінің кадастрлық нөмірі: 04-063-027-143.

8.    Аумағы 25 000 га қамыс шабындығна мемлекеттік акт бар. Жер телімінің кадастрлық нөмірі: 04-063-037-030.

9. ЖШС "LIGHTHouse Kazakhstan" компаниясымен зауыттың жұмыс жобасын жасауға келісім шартқа қол қойылды. Жобаның бас менеджері болып Gerardo Barrigon Ferez мырза тағайындалды.

10."LIGHTHouse Kazakhstan" жобалық - құрылыс компаниясы жобалық құжаттаманы жобалауға бұрын қол қойған келісім бойынша міндеттемелерін орындап болды және әрі қарай құрылысты басқару бойынша бағдарламаны жобалауға кірісті.

 

Зауытты 2013-2014 жылдары іске қосу жоспарлануда.

Құрметпен,

«Ақ Қамыс» ЖШС бас директоры

Темірәлі Аян

 
     
     
2012 © Ak Kamys | Создание сайта - Рекламное Агентство "MASTER"