Өткен бейсенбіде Мақаш ауылдық округінің Голбин учаскесінде қамыс шикізатынан жылына 120 мың тонна қатты биотын тауарын өндіретін зауыттың іргетасы қалануы соның айқын дәлелі. Зауыт толық пайдалануға берілгенде жергілікті жерде жыл сайын өртелетін қалың қамыс енді қажетке жарап, аудан бюджетіне пайда келтірмек. Жаңа нысан салынатын орынға жеткеннен кейін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Жандос Бектеміров кіріспе сөз сөйлеп, шараның мақсатын, жоба жетекшілері мен құрылысты жүргізуге жауапты адамдар “Ақ қамыс” ЖШС бас директоры Аян Темірәліні, “LIGHTHouse Kazakhstan” ЖШС директоры Алмас Жұмановты жиынға қатысушыларға және БАҚ өкілдеріне таныстырып өтті. Аудан әкімі Серік Арыстанов өзі бас болып жақын күндерде бой көтергелі тұрған зауыт құрылысы іргетасының алғашқы кірпішін қалады.