«Ақ қамыс» ЖШС компаниясының басшысы А. Темірәлі Нидерландыға барды. Роттердам портында биоотын бойынша ресей-голланд конференциясы өтті. Іс-шараға 27 ресей және 1 қазақстандық қатысушы және 55 Нидерланды энергетикалық және трейдингтік компанияларының өкілдері қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар: Роттердам порты және«ИНФОБИО» ААА. Санкт-Петербургтағы Нидерландтардың Бас консулдығы және «МБ» журналы қолдау көрсетті. Конференциядан кейін биоотын өндіруші кәсіпорындарға және энергетикалық концернге екі күндік тур болды.
10 желтоқсанда 8 сағат бойы Еуропаның ең үлкен орталығында Маас өзені жағалауында ресейлік биоотын өндірушілер, сарапшылар және консультанттар нидерланды компаниялары өкілдерімен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін талқылады.
Нидерландтар тарапынан ағаш биомассасына қызығушылық жоғары болғанына қарамастан, ресейліктер шымтезек те жаңартылып отыратын энергия көзі екенін дәлелдеуге тырысты. Ресей делегациясы өкілдерінің бірі шымтезек ісін дамытуды қолдау мақсатында Еуропа Одағына хат дайындауды ұсынды.
Нидерландыға сапар кезінде кейбір қатысушылар ниеттер туралы шарттарға қолдарын қойды және отын түйіршіктері үшін символ түрінде аванс ала алды (Суретте Аян Темірәлі, «Ақ Қамыс» ЖШС, Қазақстан және Николай Мишустин, First Climate Markets AG, Германия. Мәміле куәгері: Антон Овсянко, Портал-Инжиниринг, Ресей)
"Инфобио" ААА бұдан әріде осындай сапарлармен конференциялар өткізуді жоспарлап отыр.