Өнерімен танылған өркенді өңір
Атырау қаласындағы сәулетті ғимараттардың бірі, іргелі өнер ордасы Махамбет атындағы қазақ драма театрының алды ығы-жығы халық. Бұл – Құрманғазы ауданының облыс орталығында өтетін мәдениет күнін тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар екен. Күні бұрын хабарланғандықтан көрермен шарадан бұрынырақ келіп, алдымен кең фойеде орналасқан көрмені тамашалады.
Сағат 14:30-да оны көруге облыс әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетов бастаған топ келді. Бұл шоғырдың ішінде жерлесіміз жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев, ауданда ұзақ жыл еңбек етіп, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Құмар Темірташев, Меллят Сабырова, Рамазан Ерубаев, Қайыржан Әлиев, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма, департамент басшылары, ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары болды. Қазақы дәстүрмен мәртебелі меймандарды ұлттық киім киген қыздар ақпен және бауырсақпен қарсылады.
Енді бір сәтте жеке кәсіпкер Аян Темірәлінің қамыстан биоотын өндіретін зауыт жобасы мен өндірілетін өнімге келгенде облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов, егжей-тегжейлі сұрап, өнімнің сапасы, тиімділігі, қалай дайындалады, шикізат ретінде не пайдаланылады,-деген сұрақтарды бірінен соң бірін қойып, оған нақты жауаптар алды.
А.Ғұмаров,
Ганюшкин – Атырау – Ганюшкин.