VI Астана экономикалық форумы
2013 жылғы 22-24 мамырда Еуразиялық континенттің географиялық орталығы - Қазақстанның елордасы Астана қаласында VI Астана экономикалық форумы өтеді.
Бұл Форум Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жыл сайын өткізіледі және қазіргі заманғы экономикалық, қаржылық және әлеуметтік мәселелер бойынша шешімдер іздеу үшін адамзаттың үздік ақыл-ойын біріктіретін мойындалған халықаралық саммит болып табылады.
Форумға 100 елден 8500 делегат қатысады, олардың арасында мемлекеттер мен үкіметтер Басшылары, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мен бизнес корпорациялардың басшылары, жетекші зерттеушілер және Нобель сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ дүниежүзілік БАҚ өкілдері бар. Форумға қатысушылардың бірі «Ақ-Қамыс» ЖШС. Өз макеті мен стендін компания 3-қабатта орталық холда таныстыратын болады. Форум қонақтары мен қатысушылар өндірістік циклмен толығырақ танысу үшін, барлығы жазылған және көрсетілген плакат ілініп тұрады.
Алда тұрған Форумда бейресми кездесулер көп болады, іскерлік белсенділікті кеңейту үшін бірыңғай индустриялық-инновациялық көрме өтеді, бұл елдер мен ұйымдар арасында ынтымақтастық және ұзақмерзімді меморандумдар, шарттар жасау үшін тамаша тұғырнама жасайды.
Есенханова Әйгерім, Астана қаласы.