Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
Құрманәлі Қалмахан, тілші:
Форумның бүгін соңғы күні. Сондықтан, екі күн бойы қызу талқыланып қабылданған шешімдер қарар ретінде құжаттарға тіркеледі. Таңертеңнен бері ұйымдастырылып жатқан шараларды бірсыпыра атап өтсем.
ҚР Премьер-министр Серік Ахметов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетовтың және басқа да делегаттардың қатысуымен «Астана-инвест» форумы өтті.
Инвестициялық форумды Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брик ашты. Мұнда әлемнің 14 елінен 540 делегат қатысты. Қонақтар Астананың инвестициялық жобаларымен, инновациялық көрмелермен танысуда.
Мұндағы негізгі тақырыптардың бірі – Астананың Кедендік одақтағы рөлі, «Ақылды қала» және еліміздің инвестициялық әлеуеті сөз болды. Форум қорытындысы бойынша ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 8 инновациялық конгресс өтті. Мұнда құны 20 миллион евро болатын меморандумдарға қол қойылды. Нақтыласақ, бұл – Қазақстан-Америка технологиялар трансферті орталығын құру, каучук өндіру технологиясын енгізу жөніндегі келісім, Қазақстан кәсіпорындарының жоғары инженерлік техникалық персоналын оқыту, тағы сол сияқты өндіріске аса қажет технологияларды енгізу.
Инновациядан Қазақстан қашанда шет қалмайды. Міне, биыл 4 жыл. Инновациялық конгресс алаңында 20-дан астам елдің 30 спикері баяндама жасаса, осы жылдар аралығында құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын 40 меморандумға қол қойылған. 90-нан астам қазақстандық инновациялық жобалар мақұлданды.
Аян Темірәлі, кәсіпкер:
«Жасыл» экономикаға жасап отырған жұмысымыз – бұл жыл сайын өрт болып, жанып жатқан қамыстан биоотын түйіршігін шығару. Бұл биоотын түйіршігі шығарылған қамысты көбіне, Европа мемлекеттері қолданады. Одан өндірілген жылу мен электр көздері халыққа таратылады. Бүгінгі жәрмеңкеде біздің жұмысымызға қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар өте көп болды. Біз осы сарайдың 3-ші қабатында орналасқан макетімізде зауыттың қондырғылары толық көрсетілген. Оған Финляндия, Эстония, Германия азаматтарының қызығушылығы туып, пікір алмастық.
Құрметті оқырмандар! Пікір жазғанда ар-намысты қорлайтын, жала жабатын, кемсітетін, ұлт араздығын тудыратын, алауыздықты өршітетін сөздерді қолданбауыңызды сұраймыз.
Пікір жоқ
|