Атыраулық кәсіпорын еліміздің жасыл экономикаға көшуіне өз үлесін қоспақ. Нақты айтқанда, қамыстан биоотын түйіршігін шығаруды қолға алмақ. Серіктестік өздерінің болашақ өнімдерін «Astana invest 2013» халықаралық форумының аясында өткізілген инвестициялық көрмеге ұсынды. Бұл - Еуропада жиі қолданылатын технология. Қамыстан жасалған түйіршіктерді шағын үйлерден бастап, ірі жылу орталықтарында да экологиялық таза отын ретінде пайдалануға болады. Жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамаға тапсырылған. Өндіріс іске қосылса, жылына 120 мың тонна биоотын өндірілмек.
Аян ТЕМІРӘЛІ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:
- Киота хаттамасына сай ауа райының тазалығына , қалдықтар аз болады. Көмірқышқыл газы – 0, күкірт – 0,06. Тек қана 3 пайыз күл қалады.