Ақ Қамыс - биоотынды өндiру зауыты, баламалы көздер энергии, баламалы көздер энергии, биоотын отындық пеллеттер, биоотын пеллеттер сату
Русский English Қазақша
Навигация
 
Бастапқы бет
Компания туралы
Техникалық құжаттама
Сертификаттар
Сурет көрмесі
Жаңалықтар
Біздің серіктестер
Қарым-Қатынастар
 

Жаңалықтар

  22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


 
Сұрақ жауап
 
Қайдан білдіңіз компания "Ақ Қамыс" туралы?
Интернет
Ұсыныс
Сырт

   Нәтижелер
 
 
 

Қазақстанда 2026 жылы ЕО-ОА жоғары деңгейдегі VIII Конференция өтеді

Қазақстанда 2026 жылы ЕО-ОА жоғары деңгейдегі VIII Конференция өтеді

Еуропалық Одақ-Орталық Азия 

 

 жоғары деңгейдегі сегізінші Конференция Қазақстанда 2026 жылы өтеді. Бұл туралы 2023 жылғы 23-24 ақпанда Италияның Рим қаласында өткен ЕО-Орталық Азия жоғары деңгейдегі жетінші конференциясының қорытындысы бойынша белгілі болды.

 

ЕО-Орталық Азия жоғары деңгейдегі жетінші Конференциясына 100-ден астам делегат қатысты. Олар министрлер, министрлердің орынбасарлары, Орталық Азия елдерінің (ОА), Еуропалық Одақтың (ЕО), ЕО-ға мүше мемлекеттердің жоғары деңгейдегі дипломаттары, қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саясатты әзірлеуге, басқаруға және іске асыруға жауапты халықаралық қаржы институттарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, азаматтық қоғамның өкілдері.

Іс‒шара қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО-Орталық Азия платформасының (Платформа) қолдауымен өткізілді. Қабылдаушы тарап Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі болды.

Қатысушылар ОА аймағындағы су ресурстарына, қоршаған ортаға, климаттың өзгеруіне және тұрақты өсуге қатысты бірқатар стратегиялық және практикалық мәселелерді талқылады, бұл ретте ОА аймағының «жасыл» ауысуды жеделдету және «жасыл» инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Қатысушылар ОА үшін су-энергетикалық өзара байланысының маңыздылығын және жаңартылатын энергия көздерін дамыту қажеттілігін атап өтті. Тараптар сондай-ақ Ташкентте (Өзбекстан) өткен жоғары деңгейдегі алдыңғы Конференциядан кейінгі кезеңдегі Платформа қызметінің қорытындысын шығарды (2019 жыл), Платформаның 2023-2025 жылдарға арналған басымдықтарын талқылады және ОА-да қоршаған орта, климаттың өзгеруі және су ресурстары саласындағы саяси диалогты жандандыру және әлеуетті дамыту жөніндегі практикалық қадамдарды келісті.

Конференция ЕО-ға климаттық мәселелерді шешуде және қоршаған ортаны қалпына келтіруде, соның ішінде су, энергия және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі «Еуропа командасы» бастамасы арқылы «Жаһандық портал» стратегиясы аясында ОА аймағына өзінің берік бейілділігін қайта жариялауға мүмкіндік берді. Тараптар ЕО-ОА ынтымақтастығын, сондай-ақ ОА елдері арасындағы осы саладағы ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдірді.

Қатысушылар Париж келісімін жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге және климаттық бейтараптыққа қол жеткізуге күш салуға, қоршаған орта үшін климаттың өзгеруі мен биоалуантүрліліктің жоғалуынан туындаған күрделі мәселелер мен артып келе жатқан қауіптерді шешу үшін жоғары деңгейдегі диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға, су ресурстарын  интеграцияланған басқару саласында аймақтық, трансшекаралық және халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және қолдауға келісті.

 
     
     
2012 © Ak Kamys | Создание сайта - Рекламное Агентство "MASTER"