Ақ Қамыс - биоотынды өндiру зауыты, баламалы көздер энергии, баламалы көздер энергии, биоотын отындық пеллеттер, биоотын пеллеттер сату
Русский English Қазақша
Навигация
 
Бастапқы бет
Компания туралы
Техникалық құжаттама
Сертификаттар
Сурет көрмесі
Жаңалықтар
Біздің серіктестер
Қарым-Қатынастар
 

Жаңалықтар

  22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


 
Сұрақ жауап
 
Қайдан білдіңіз компания "Ақ Қамыс" туралы?
Интернет
Ұсыныс
Сырт

   Нәтижелер
 
 
 

ACWA Power Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт ЖЭС-ын салады

ACWA Power Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт ЖЭС-ын салады

ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және ACWA Power арасында ЖЭК ірі жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Қол қою рәсімі 2023 жылғы 1 наурызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевпен бірге Эр-Рияд қаласына (Сауд Арабиясы корольдігі) жұмыс сапары барысында жүзеге асты.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандық делегация Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бин Салман Әл-Сауд және «Saudi Aramco», «SABIC» және «ACWA Power» сияқты ірі компаниялардың басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ACWA Power» арасында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаны іске асыру қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойылған келісім Жетісу (Жоңғар қақпасы) облысында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған, құрылысты 2025 жылы бастау жоспарлануда.

Жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар тартуға, сондай-ақ елде «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сондай-ақ кездесу шеңберінде мұнай-газ және мұнай-газ-химиясы жобаларын іске асыру және дамыту, оның ішінде ЖЭК-ті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен перспективалық бағыттарды айқындай отырып, ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін қарауға уағдаласты.

 

 

 

 

 

 
     
     
2012 © Ak Kamys | Создание сайта - Рекламное Агентство "MASTER"