Ақ Қамыс - биоотынды өндiру зауыты, баламалы көздер энергии, баламалы көздер энергии, биоотын отындық пеллеттер, биоотын пеллеттер сату
Русский English Қазақша
Навигация
 
Бастапқы бет
Компания туралы
Техникалық құжаттама
Сертификаттар
Сурет көрмесі
Жаңалықтар
Біздің серіктестер
Қарым-Қатынастар
 

Жаңалықтар

  22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


22.03.2024 Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау
Түйткілдің түйіні шешіле ме? Атырау


 
Сұрақ жауап
 
Қайдан білдіңіз компания "Ақ Қамыс" туралы?
Интернет
Ұсыныс
Сырт

   Нәтижелер
 
 
 

Көрісу күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз - жаңару мейрамы.

Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды. Бұл дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ертеректе көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың қыс айларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек. Ал «Амал мерекесі» деп айтылу тарихында да ешқандай өзгешелік жоқ. Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мұндағы амал сөзі ескіше парсы тілінің хамал сөзінен алынған. Наурыз айын парсыша «Хамал» айы деп атауы себепті, «Амал мерекесі» аталып кеткен. Яғни, «Амал мерекесі» мен «Наурыз мерекесі» дегеннің ешқандай айырмасы жоқ. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады. Кәде-сыйлары да міндетті түрде бір-бірінің көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуіне орай қуанышты болады. «Бір жасың құтты болсын!» деп тілек тілеу ата-бабаларымыздың әр адамның туған күнін жеке-жеке тойламайтындығының дәлелі. Жаңа жылда бір жас қосылатыны анық. Сондықтан, осы күні ғана адамдар бір-біріне «жасың құтты болсын!» деп тілек тілейді. Бірақ 14-наурызды «көрісу күні» деп емес, «көрісу айты» деген дұрысырақ дейді этнолог мамандар.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбаларында ертеде «14 наурыз, ескіше 1 наурыз көктемнің бірінші күні деп қазақ «Наурыздама» тойлайтын еді, Ол 8, 9 күнге созылатын еді» дейді. Басқа амалдар тойланбаса да, ең ерекше амал 14 наурыз тойланып, ол салт-дәстүрге айналып, ұлыстың ұлы мерекесіне айналған. Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін, Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды. Өткен жылғы өкпесін, өкінішін, Жаңа жылға арқалап апармайды. Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің жемісі еді.

«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен, адал қол беріседі.

Ұлыстың Ұлы Күні Әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!



 

 

 

 
     
     
2012 © Ak Kamys | Создание сайта - Рекламное Агентство "MASTER"